Семей мен Өскемен сауналарында жезөкше қыздар ұсталды

Семей мен Өскемен сауналарында жезөкше қыздар ұсталды

Zakon.kz

Zakon.kz 39

Ағымдағы жылдың 19-24 қыркүйек аралығында Шығыс Қазақстан облысының аумағында "Стоп-Трафик" республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде, деп хабарлайды zakon.kz ШҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицейлер еңбек және сексуалдық қанау фактілерін анықтау мүмкіндігі жоғары қонақ үйлер мен ойын-сауық мекемелерін, монша кешендерін және басқа да әртүрлі объектілерді тексеріп, соның нәтижесінде тәртіп сақшылары әкімшілер жеңіл жүрісті қыздарды "ұсыну" арқылы Семей және Өскемен қалаларының сауналарында жезөкшелікпен айналысуға жеңгетай болып және притондарды ұйымдастыру арқылы, қосымша заңсыз табыс тауып келген. Бұл ретте осындай қызмет көрсеткені үшін жезөкше тапқан табысының 30%-ын сауна әкімшісіне "сыйақы" ретінде беріп отырған.

Барлық фактілер бойынша ҚР ҚК-нің 309 бабы-жеңгетайлық бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, аталған адамдарға қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды.

Сонымен қатар, интимдік қызмет көрсететін әйелдердің өздері арнайы есепке алынды.