Алматыда ер адам тапаншамен қорқытып, балабақшаға кірмек болған

Алматыда ер адам тапаншамен қорқытып, балабақшаға кірмек болған

Zakon.kz

Zakon.kz 22

Алматыда ер адам тапаншамен қорқытып, балабақша аумағына кірмек болған. Оқыс оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде пайда болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Кейін анықталғандай, бұл оқиға Наурызбай ауданындағы коттедж қалашығында орналасқан "Ашамай-2" балабақшасында орын алған.

Балабақша күзеті полиция жасағын шақыруға мәжбүр болды.

Алматы қаласының Полиция департаменті бұл факті Наурызбай аудандық полиция департаментінде тіркелгенін хабарлады.

Қару газ тапанша екені анықталды, ресми рұқсат құжаты бар. Іс жүргізу нәтижелері бойынша заңға сәйкес шаралар қолданылатын болады, деп хабарлады қалалық ПП баспасөз қызметі.